Денсаулық

«Hayat Vax» қандай вакцина?

«Hayat Vax» (SARS-CoV-2, Vero Cell) вакцинасы Біріккен Араб Әмірлігінің Рас-Аль-Хайма қаласындағы «Жулпар» фармацевтикалық компаниясында шығарылған.

Аталған вакцинаны БАӘ Денсаулық сақтау және алдын алу министрлігі 2020 жылдың 9 желтоқсанында тіркеді. Ал Қытайда 2020 жылдың 30 желтоқсанында тіркелді. Бүгінгі күні вакцина Қытайдан басқа  БАӘ-де өндіріледі. Әлемнің 34 мемлекетіне бұл вакцинаның  50 миллионнан астам дозасы қолдануға жіберілген.

ТИІМДІЛІГІ ҚАНДАЙ?

Қазіргі таңда әлемде аталған вакцинаның 10 миллион дозасы қолданылған.

Алған адамдарда ешқандай жағымсыз жайлар тіркелмеген. Коронавирусқа қарсы тиімділігі — 79,3 пайыз. Аурудың орташа және ауыр кезеңдерінің алдын алудағы тиімділігі — 100 пайыз.

ҚАЛАЙ ЖАСАЛҒАН?

«Hayat Vax»  вакцинасы байырғы, дәлелденген технологиямен жасалған.

Бұл технология бойынша вирус организмде қорғаныс антиденелерін түзеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, инактивацияланған вакциналардағы адъюванттардың зиянсыз екендігі дәлелденген.

Адъюванттар — инактивті вакцинаның құрамындағы қосалқы заттар. Олар иммундық жүйені ынталандырады және организмдегі иммунитетті ұзақ уақыт сақтайды.

«Hayat Vax» вакцинасында консерванттар жоқ.

Вакцина бір дозалық құтыда сақталады.

Аталған екпені  сынаудың үшінші кезеңі Аргентина, Бахрейн, Египет, Марокко, Пәкістан, Перу және Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізілген. Бұған 68000-нан астам адам қатысқан.

Иммунизациядан кейінгі жағымсыз көріністер, соның ішінде вакциналаудан кейін ауыр аллергиялық реакциялар тіркелмеген.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button